Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сізде қандай фобия бар?

07.08.2022, 12:00 423

Фобия – адамның қорқынышы мен үрейі. Эмоциясын басқара алмайтын дерті. Жалпы, жер бетінде фобияның түрі де, саны да көп. Ең қызығы, адамзат ілмектен, баспалдақтан, түймеден тіпті жаңбырдан қорқады екен. Бұл әлемде фобиясы жоқ адам болмайды. Сонымен, фобия түрлеріне тоқтала кетейік.

Декстрофобия – адам он жағында тұрған, қимылдаған заттардан қорқуы. Бұл дерттің дамуы балалық шақта жатыр. Яғни, декстрофобиясы бар адам бала кезінде он жағынан қорқыныш алған деуге болады.

Гидрозафобия – терлеп, жағымсыз иіс шығарудан үрейлену. Мұндай қорқынышы бар адам құс, шошқа, қояндарға қызығады. Себебі, олар терлемейді.

Локонофобия – көкөністерді көргенде жүрегі айнып, тіпті тыныс алуы жиілейтін адамдар. Тіпті, кейбір локонофобияға шалдыққандар көкөністің қасында тұрған тағамды жемейді екен.

Пентерафобия – қайын енесінен қорқатын адамдарға қойылған диагноз. Қайын енесімен сөйлесе алмайтын, сөйлегенде тұтығып, тіл қата алмайтын адамда  пентерафобиясы бар. 

Трискайдекафобия – грек тілінен аударғанда 13 дегенді білдіреді. Тиісінше, бұл фобиядан зардан шегетіндер 13 санынан және оған байланысты кез келген заттан, жағдайдан, әрекеттен қорқады. Трискайдекафобиясы бар адамдар сәйкесінше, ешқашан 13 санымен байланыспайды.

Гелотофобия – мазақ болудан қорқу болып табылады. Басқа адамдар келеке-мазақ етеді деп ойлай берсеңіз гелотофобияға шалдығуыңыз мүмкін. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: