Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жел шығармай ұстау дұрыс емес, мұның бес ғылыми себебі бар!

31.12.2022, 11:00 719

HALYQLINE.KZ

Адам күніне орташа15 рет жел шығарады, ал бұл сан 40-қа дейін өсуі мүмкін. Бұл – ауа мен дене газының кептелуінен болатын қарапайым процесс. Жел шығару кезінде шығатын қатты дыбыс ұятты болатындықтан, көпшілігіміз жел шығармауға тырысамыз. Алайда, бұл жақсы емес. Жел шығармай қою көптеген қиындық тудырады.

1. Сіздің денеңіздің желді қайтадан өзіне сіңіру ықтималдығы жоғары. Егер сіз денеңізден шығатын желді шығармай қойсаңыз, онда сізде оны кері сіңіруден басқа амал қалмайды. Бұл – сасық газ аузыңызға қайта айналып келіп, кекірумен шығады деген сөз.

2. Эякуляцияны болдырмау үшін бұлшық етті қатайту, ауырсыну мен кеуде ауырсынуына әкелуі мүмкін. Дененің ішкі бөлігіне де ауыртпалық түсіреді. Соның салдарынан ауырсыну, ас қорыту проблемалары және кеуде ауыруы мүмкін. Егер сіз шығатын желді үнемі ұстап жібермейтін болсаңыз, асқазан-ішек жолыңыз ісінеді.

3. Жел шығару арқылы дене қысымы сыртқа шығады. Жел шығару тоқ ішекке өте пайдалы. Алайда желді ұстау тоқ ішекті тітіркендіріп, диареяға әкелуі мүмкін.

4. Желді ұстап тұру сізді ұяттан сақтайды, ал екінші жағынан, ол әрқашан іш кебулерді сезіндіріп, ішектеріңіз ауаға толады. Бұл сізге ауырлық түсіріп, уайымға салынуыңыз да мүмкін.

5. Жел шығару – бұл қалыпты және сау процесс, ал оның иісі сіздің жеп-ішетін тағамға және оның өңделуіне тікелей байланысты. Сасық иісті жел сіздің денеңізде күкірт көп екендігін білдіреді. Егер сізде ауырсыну немесе басқа ыңғайсыздық сезілсе, дәрігерден кеңес алыңыз.

ЖАҒЫМСЫЗ ИІС, ҚАТТЫ ЖЕЛ ШЫҒАРУДАН АУЛАҚ БОЛУ ҮШІН:

1. Газдалған сусындар ішпеңіз. Бұл сіздің денеңізден көбірек газ шығаруға әкеледі.

2. Мүмкіндігінше аз мөлшердегі тамақты, көбірек шайнап жеңіз.

3. Банан, картоп басқа да көкөністер, тұтас тұқымдарды үнемі қолданыңыз. Бұлар сасық иіс пен жел шығарудан қорғайды.

Аударған  Амантай  ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: