Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

”Жан қорғаны — дәрігер” атты мерекелік кеш өтті

20.06.2026, 1:03 28

Медицина саласы қызметкерлері күніне орай Арал аудандық мәдениет үйінде «Жан қорғаны – дәрігер!» атты салтанатты мерекелік кеш өтті.

Мерекелік кештің ашылуында дәрігерлердің еңбегі, қоғамға қалтқысыз қызметі жан-жақты қамтылған бейнеролик жұртшылық назарына ұсынылып, ақ халатты абзал жандарға арналған жүрекжарды лебіздер айтылды.

Салтанатты жиында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев сөз сөйлеп, медицина саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, адам денсаулығын сақтау жолындағы жауапты еңбектеріне ризашылығын білдірді.

Мереке барысында бірқатар сала мамандары облыс және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталып, еңбектері жоғары бағаланды.

Кеш аясында жуырда ауданымызда өткен «Ән қанатындағы Арал» атты республикалық жабық ән байқауында топ жарған ерекше туынды көрерменге ұсынылды. Ақын-сазгер Елена Әбдіхалықованың туған жерге деген сағыныш пен сүйіспеншілікті арқау еткен «Ақ бесік Арал» әні көпшілік ықыласына бөленді. Ән әуелеп, күй қалықтаған керемет кеште мұнан өзге де туған жерге, мандыққа деген адалдықты ұран еткен туындылар шығарқалып, көпшілік көңілін шаттандырды.

Мерекелік шара аудан өнерпаздары мен медицина саласы қызметкерлерінің қатысуымен өткен әсерлі концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: