Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Суықтауды заматта кетіреді

12.02.2023, 11:00 427

HALYQLINE.KZ

Тұз бен йод. Бұл – менің суықтауды сол заматта қуатын ең мықты көмекшілерім. Оны қолдану жолы біреу ғана. Ал көмегі ұшан-теңіз.

Аяқтан су немесе сыз өтсе, денеңіз қатты тоңғанда, жаңбыр астында қалып қойсаңыз, ауырып қалу қаупі болады. Ондайда ауырып қалмау үшін мен тез арада осы амалды жасаймын. Балаларымда мұрыннан су ағып немесе құрғап, тұмаудың алғашқы белгісі басталғанда да жасайтын амалым осы.

Бұл – кәдімгі бұлау. Аяқ күймейтіндей, бірақ қызуы бүкіл денеге тарайтындай ыстықтау су керек. Ыдыстағы су деңгейі тобыққа дейін жететін болуы тиіс. Оған бір-бір жарым уыс тұз бен 10-12 тамшы йод қосамын. Суықтау белгісі бар адам осы суға аяғын салып отырады. Белінен төмен қарай жылы одеял орап тастаймын. Су суып қалмау үшін әлсін-әлсін оған үстемелеп ыстық су құйып отырған дұрыс. Ал аяғын бұлауға салған адамға бал не лимон қосылған, ол болмаса жай ғана ыстық шай беремін. Бұл процесс жарты сағат немесе одан сәл ғана ұзақтау болады. Мұны мейлінше кешке жасаған дұрыс. Сосын аяғын бұлауға салған адам табаны жаурамау үшін жылы шұлық киеді. Бұл амал енді басталып келе жатқан суықты тартады. Тұмаудың өте қысқа уақытта тез жазылуына жәрдем.

Тұз бен йод қосылған бұлау қуықтың, бүйректің суықтауын, тұмаудың бастапқы белгілерінде өте жақсы көмектеседі. Мұны ары кеткенде екі күн қатар жасайсыз. Балаларға да, ересектерге де жәрдемі күшті.

Жарас  ҚАСЫМ.

«Ауырмаңыз!»  газетінен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: