Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сотталғандардың да денсаулығы басты назарда

28.01.2021, 17:00 530

HALYQLINE.KZ Темір тордың арғы жағында жазасын өтеп жатқан адамдардың денсаулығын сақтау маңызды мәселе. Соған орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің медициналық-санитарлық бөлімінде атқарылып жатқан істер аз емес.

Мекеменің тұрғын аймағындағы жазасын өтеуші азаматтар ем қабылдайтын 16 орынға арналған стационарлы амбулаторлық медицина бөлімінде тәжірибелі 12 медицина қызметкері жұмыс істейді.

Медицина қызметкерлері бас бостандығы шектеулі, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған азаматтарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы ҚР ІІМ 2020 жылғы 28 қазандағы №745 бұйрығына сәйкес, сотталған азаматтарды әрбір 6 ай сайын флюорографиялық тексеруден өткізеді.

Жуырда мекеменің медицина бөлімі қызметкерлері мен Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің дәрігерлері 500-ге жуық сотталған азаматтарды флюорграфиялық тексерістен өткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: