Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сақтық шараларына салғырт қарауға әлі ерте

21.09.2021, 9:15 612

HALYQLINE.KZ

Соңғы күндері облыстағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталғаны байқалады. Дегенмен, сақтық шараларына салғырт қарауға әлі ерте. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов мәлімдеді.

Пандемия басталғалы бері өңірде коронавирус инфекциясымен 17 403 науқас тіркелген. 92 пайызы дерттен толық емделіп шыққан. Бүгінде облыс бойынша инфекциялық стационарда – 382 науқас, реанимациялық төсек-орында 43 науқас ем қабылдап жатыр.

– Өздеріңізге белгілі, қазіргі таңда індетті ауыздықтар бір ғана жол бар, ол – вакциналау. Облыс бойынша вакциналау жұмыстары 2021 жылдың 1 ақпан күні басталды. Қазіргі таңда облыс азаматтарын вакциналау жұмыстары жалғасын табуда. 1 ақпан мен 19 қыркүйек аралығында аймақта вакцинлаудың 1 компонентімен егілгендер саны – 293 216. Бұл екпе алуға жататын халықтың 73,2 пайызын құрады. Ал 245 709 адам екпенің екі компонентін де алған, – деді Жангелді Мырзагелдіұлы.

Айта кету керек, Қызылорда облысы бойынша 20 медициналық мекемеде коронавирус инфекциясына қарсы егу жұмыстары сағат 08:00 мен 18:00 аралығында үзіліссіз және қарқынды жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: