Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада вирус жұқтырған медмамандар бар

15.04.2020, 13:35 376

HALYQLINE.KZ –| Өңірде СОVID-19 вирусын жұқтырған 9 медицина қызметкерінің тіркелгендігі мәлім болды. Оның 8-і орта буын, 1-еуі кіші буын қызметкері. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қызылорда облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әлия Әбдіқайымова хабарлады.

– Анықталған 3 қызметкер кәсіби тұрғыда жұқтырса, қалғандары науқастармен қарым-қатынаста болған. Сондай-ақ, медицина қызметкерлері қаншалықты қорғаныш талаптарын сақтағанымен, жұқтыру жағдайларының орын алғандығын жасыра алмаймыз,-деді Әлия Мүтәліпқызы.

Бас санитариялық дәрігер облысымызда 11 компания вахталық ауысыммен жұмыс істейтінін айтты. Оның ішінде, екі компанияның қызметкерлері алдағы екі тәулікте ауысыммен жұмыстарын жүргізеді. Ал, жұмыс басынан оралған азаматтар үй карантиніне алынады.

Құрметті облыс тұрғындары, карантин ережелерін сақтап, үйде болыңыздар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: