Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада бүйрек трансплантациясы жасалды

08.12.2023, 14:45 450

HALYQLINE.KZ

Бүгін Сыр медицинасында тарихи сәт.

Алғаш рет 25 жастағы еңбекке қабілетті азаматқа бүйрек трансплантациясы жасалды. Донор – ағайыны. Бұл ем алушы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы реципиент пен донор арасындағы генетикалық байланысты растайтын этикалық комиссиядан өтті. Комиссия құрамына заңгерлер мен құқық қорғау органдарының өкілдері кірді. Бұл туралы көпбейінді облыстық ауруханасының баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Үш жыл бойы жасанды бүйрек аппаратына тәуелді болып жүрген науқас үшін бұл – көптен күткен оқиға. Бұрынғы толыққанды өмірге оралуды, диализ орталығына тәуелділік, уақыт пен тамақтануға байланысты шектеулерден босап, жұмыс істеуге, қалыпты өмір сүруге мүмкіндік береді.

Трансплантацияның Қызылордада жасалуына А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығынан арнайы келген Болатбек Бимендіұлы жетекшілік ететін трансплантологтар командасы қолдау білдірді.

Көпбейінді облыстық аурухананың дәрігерлері отаға қатысып, тәжірибе алмасты. Бүйрек ауыстыру отасын алдағы жылы да жалғастыру жоспарланған.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: