Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда қалалық көпбейінді аурухана карантинге жабылды ма?

29.05.2020, 22:13 1014

HALYQLINE.KZ Қызылордалық тұрғындар арасында «көпбейінді қалалық аурухана карантинге жабылды» деген ақпарат тарай бастады. Осы мәселеге байланысты ресми органға хабарластық.

Медицина саласының қызметкерлері арасында скринингтік текскерулер жүргізілген болатын. Көпбейінді қалалық ауруханада коронавирус инфекциясының анықталуына байланысты санитарлық дезинфекциялық шаралары ұйымдастырылды. Яғни, бұл ошақта алдын алу шаралары күшейтілді. Соған сәйкес аурухана жұмысы уақытша тоқтатылды. Алдағы демалыс күндері залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмек. Келесі аптаның 1-2 күндері қайта жұмысты бастау жоспарлануда.

Ал Қызылорда облыстық кеңес беру диагностикалық орталығы өз жұмысын тоқтатқан емес. Қызмет көрсету жұмысы жалғасуда, – деп хабарлайды Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Жанат Жәлиева.

Айта кетейік, Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 340-қа жетті. Ал сауығып шыққандар саны – 233.

– Соңғы тәулікте 15 дерек тіркелді. Оның 6-ауы медицина қызметкерін скринингтеу барысында анықталса, 2-еуі «Д» есепте тұрған науқасты скринингтеуден, ал біреуі фильтр кабинетінен болса, 6-ауы індет жұқтырғандармен байланыста болғандар. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты, емдерін хаттамаға сәйкес алуда, – деді  облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов бүгін таңертең өткен онлайн брифингте.

(Фото ашық дереккөзден алынды)

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: