Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстандықтар қашаннан бастап маскасыз жүре алады?

30.04.2021, 15:00 501

HALYQLINE.KZ

Халық алдындағы есептік кездесу барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тұрғындарға қай уақытта маскасыз жүруге болатынын айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ақпарат таратты.

Кездесу барысында министрге «коронавируcтан вакцина салдырған қазақстандықтарға маска тақпаса бола ма?» деген сұрақ қойған.

Алексей Цой бұл мәселе қай уақытта қарастырылатынын айтып берді.

«Әрбір азамат өзін қауіпсіз сезінуі үшін ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік беретін вакцинацияның 60%-дық шегіне жетуіміз керек. Осыдан кейін маска режимінен шығу мәселесі қарастырылатын болады», – деп түсіндірді ол.

Еске салсақ, бұған дейін министр Алексей Цойға «қазақстандық вакцинация паспорты өзге елдерде жарамды бола ма?» деген сұрақ қойылған еді. Бұған жауап ретінде Цой әлемде азаматтардың қозғалысын шектейтін жалпыға ортақ құжат жоқтығын мәлімдеді. Десе де министр қазақстандық жүйе халықаралық жүйемен интеграциялануға дайын екендігін алға тартты.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрі Қазақстандағы дәрігерлердің жалақысы 2023 жылы жарты миллион теңгеден асатынын айтқан болатын.

Алексей Цой 2023 жылға дейін ведомство дәрігерлердің жалақысын экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары деңгейге көтеруді жоспарлап отырғанын еске түсірді.

Одан бөлек, үкіметтің онлайн отырысында денсаулық сақтау министрі қазіргі вакцинацияны ескере отырып, коронавирусқа қатысты жаңа болжамымен бөліскен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: