Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өкпені жасанды желдетуге арналған аппарат жеткілікті ме?

23.04.2020, 9:43 454

HALYQLINE.KZ –| Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова алдағы уақытта Қазақстан өкпені жасанды желдетуге арналған 879 аппарат сатып алуды көздеп отырғанын мәлімдеді.

– Қазіргі таңда еліміздегі денсаулық сақтау ұйымдарында 3 мың өкпені жасанды желдету аппараты бар. Олар қажеттілікке байланысты инфекциялық немесе жансақтау бөлімдеріне таратылады. Бүгінгі күні 167 аппарат инфекциялық ауруханалардың жансақтау бөлімдеріне берілді. Сонымен қатар медициналық бұйымдар паркін жаңарту үшін жалпы республикада өкпені жасанды желдетуге арналған 879 аппарат сатып алу көзделіп отыр. , – деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-да онлайн режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Бас мемлекеттік санитар дәрігер сұрақтарға жауап бере отырып бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырған 652 медициналық қызметкер барын мәлім етті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: