Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Компания 10 оттегі аппаратын алып берді

05.08.2021, 17:45 344

HALYQLINE.KZ Коронавирус инфекциясымен күресі мақсатында Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының сұранысына сәйкес «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ағынды оттегі терапиясы аппаратының 10 данасымен қамтамасыз етіп отыр. Бір аппаратын құны – 2,45 млн теңге. Бұл медициналық аппараттарына 24,5 млн теңге жұмсалған болатын. Ағынды оттегі терапиясы аппаратының өндіруші – Гонконг елі.

Осы жоғары ағынды өттегі терапиясы аппараттарын «Ұлттық орталық кардиохирургия орталығы» АҚ тыныс алу жеткіліксіздігі бар науқастарда қолдануды ұсынып отыр.

Сонымен қатар, COVID-19 ауруына қарсы күресте «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Қазалы ауданаралық ауруханасына оттегі станциясын орнату үшін 58 миллион теңге бөлген болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: