Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Колледж жанынан БҚМУ-нің интернатура және резидентура филиалы ашылды

28.04.2022, 17:50 139

HALYQLINE.KZ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес Қызылорда медициналық жоғары колледжінде М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің интернатура және резидентура филиалы ашылды. 2022 жылы іргетасы қаланғанына 65 жыл толатын М.Оспанов атындағы БҚМУ қанатын кеңге жайып, өрісін кеңейтіп келеді. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Филиалдың ресми ашылу салтанатын Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Шаменова Балжан Мөрәліқызы құттықтау сөзімен ашып, көпжылдық тарихы бар Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті филиалының облысымызда ашылудағы басты мақсаты –жергілікті мамандардың кәсіби деңгейін арттыру, білім беруді тереңдету, емдеу-алдын алу мекемелерінде жұмыс істеу үшін білікті маман дайындау кезінде қолайлы жағдай жасау және аймағымыздағы медициналық кадр тапшылығы мәселесін шешу болып табылатынын атап өтті.

Іс-шараға «М.Оспанов атындағы БҚМУ» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Досқалиев Жақсылық Ақмұрзаұлы, «М.Оспанов атындағы БҚМУ» Басқармасының төрайымы-ректор міндетін атқарушы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Исмагулова Эльнара Керейқызы, Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Бексейітұлы Пазылов, облыстық, қалалық медициналық ұйымдардың басшылары, Қызылорда медициналық жоғары колледжінің ұжымы, филиалда білім алуға ынталы дәрігер-резиденттер мен олардың тәлімгерлері қатысты.

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда қаласындағы филиалының ашылу лентасын қию рәсімі Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Шаменова Балжан Мөрәліқызы мен «М. Оспанов атындағы БҚМУ» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Досқалиев Жақсылық Ақмұрзаұлына ұсынылды.

Салтанатты іс-шара барысында қонақтар Қызылорда медициналық жоғары колледжіндегі филиалдың оқу-практикалық базасын аралап, оқу кабинеттері мен Симмуляциялық орталықпен танысты.

Қызылорда қаласындағы университет филиалында 12 резидент білім алуда, оның ішінде 4 реаниматолог-анестезиолог, 3 инфекционист, 1 офтальмолог, 1 травматолог-ортопед және оториноларинголог, неонатолог резиденттер бар.

Салтанат соңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Пазыловтың жетекшілігімен алқалы басқосу ұйымдастырылып, онда жергілікті медициналық ұйымның басшылары, дәрігер-резиденттер тұрғылықты жері бойынша білім беру ісінің тиімді ұйымдастырылғаны үшін университет басшылығы мен облыс әкімдігіне алғыстарын білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: