Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елімізде коронавирустың екінші кезеңі болуы мүмкін

24.04.2020, 10:57 393

HALYQLINE.KZ –| Қазақстанда қыркүйекте тұмау вирусымен қатар коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов отандық эпидемиологтармен өткен видеоконференция барысында айтты. Қазақстандықтардың көбі тұмауға қарсы вакцина жасауы керек, бұл өте маңызды. 

– Әзірше ешкім гипотезаны жоққа шығарып отырған жоқ. Жазда да бұл індет тарауы мүмкін, күзде де болады, – деді Асфендияров атындағы зерттеу жұмысы жөніндегі проректоры Бауыржан Жүсіпов 

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 2289-ға жетті, жазылып шыққандардың саны – 560, ал қайтыс болғандардың саны – 21.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: