Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«COVID-19» жүз мыңға тарта баланың өмірін қиюы мүмкін

17.04.2020, 14:19 366

HALYQLINE.KZ –| Бұл туралы БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттереш мәлімдеді. Сондай-ақ ол өз баяндамасында коронавирус пандемиясының салдарынан әлемдік дағдарыстан кейін болатын қауіптер туралы жеткізді.

-COVID-19 пандемиясы жаһандық құлдырауды бастады. Бұл адамдардың табысына кері әсер етіп жатыр. Жағдайы нашар отбасылар дұрыс тамақтана алмай отыр, ал бұл балалардың денсаулығына кесірін тигізеді. Кей елде қызылша мен полиомиелитке қарсы екпе тоқтап қалды. Ауруханаларда орын болмағандықтан, балалар уақтылы емделе алмай қайтыс болып жатыр,- деді ол.

Оның айтуынша, әрбір мемлекет қазірден бастап алдын алуға қамданбаса, бұл пандемияның балаларға кесірі тиюі әбден мүмкін.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: