Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Біртанов вакцинацияға көзқарасын айтты

04.05.2020, 10:26 516

HALYQLINE.KZ –|  Дамыған елдер өз халқын коронавирус пандемиясына қарсы вакциналарға кезекке қоюда. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің Facebook парақшасында осындай пікір білдірді.

ҚР Денсаулық сақтау министрі өзінің Facebook парақшасында мемлекеттердің пандемиядан шығу стратегиясына арналған Bloomberg мақаласын орналастырды. Онда осы жағдайдан ойдағыдай шығудың жолы бүкіл әлем бойынша вакцинациялау жүргізуге байланысты екендігі айтылған.

– Бізді кейбіреулер жалпыға бірдей вакцинациялауды болдырмау қажеттілігі туралы жар салып жатқан кезде дамыған елдер өз халқы үшін коронавирус пандемиясына қарсы вакцинаға кезек тұрып жатыр. Бәрі белгіленіп қойған сыңайлы. Алдағы жаз мезгілінде «COVID-19 екпе жасалмағандарға кіруге тыйым салынады» деген тақтайшалардың бүкіл Еуропа елдерінде пайда болуын жоққа шығара алмаймыз,- деп пікір білдірді ол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: