Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балалар арасында Кавасаки синдромы анықталды

11.08.2020, 15:00 723

HALYQLINE.KZ Елімізде жыл басынан бері 3 баладан Кавасаки синдромы анықталған. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді.

– 13 наурыздан бері Қазақстанда 2257 баладан коронавирус инфекциясы табылған. Қазір 114 бала ауруханада жатыр. Ал Кавасаки синдромы, яғни баланың ортаңғы және кіші тамырларын зақымдайтын, өте ауыр өтетін жүйелі ауру 3 баладан анықталды. Біреуі Нұр-Сұлтан қаласында, біреуі Алматыда, үшіншісі Петропавлда тұрады, – деді Ортком қызметінде өткен брифинг барысында Бағдат Қожахметов.

Бағдат Қожахметов бұл өте сирек кездесетін ауру екенін және әр баланың денсаулығына қатысты әртүрлі ақпарат барын айтты. Мәселен, Нұр-Сұлтанда ауырып жатқан баланың жағдайын дәрігерлер орташа деп бағалаған.

Айта кетейік, Қазақстандағы мессенджерлер мен WhatsApp-чаттарда коронавирус инфекциясы балаларда Кавасаки синдромын қоздыратыны, сондай-ақ, қазір ауруханаларға денесінде бөрткен пайда болған балалардың өте көп түсе бастағаны туралы хабарламалар тарап жатыр.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: