Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауданда инфекцияның алдын алу жұмыстары жүргізілуде

09.04.2021, 9:30 334

HALYQLINE.KZ  Бүкіл әлемнің назарын аудартқан «Коронавирус» инфекциясының бүгінде көптеген мемлекеттерде таралу көрсеткіші жоғары деңгей жетіп, күн өткен сайын қауіптілігі арта түсуде. Соның ішінде еліміз бойынша өткен тәулікте 2586 адамнан коронавирус індеті расталып, індетті жұқтырғандардың 22-сі Қызылорда облысында тіркелген. Науқастар санының артуына сәйкес Қызылорда облысы жасыл аймақтан «Сары» аймаққа ауыстырылды.

Осыған орай бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен коронавирус инфекциясының алдын алу жұмыстары бойынша кеңейтілген штаб отырысы өткізілді. Күн тәртібінде – коронавирус инфекциясының алдын алу бағытында атқарылып жатырған жұмыстар мен аудан көлемінде қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал туралы кеңінен талқыланды. Штаб отырысында сөз алған аудан басшысы өңіріміздің сары аймаққа енуі алаңдатарлық жағдай екенін айтып, «Әлі де болса тұрғындар арасында сақтық шараларының қатаң сақталмауы, індеттің күрт таралуына әкеліп соқтыруда. Соныңішінде той-томалаққа жиналғандардың қарасы көбейіп, тәртіп бұзушылық фактісі толастамауда. Сондықтан, біз барлық мүмкіндікті пайдалана отырып, азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстарды одан әрі жандандырып, індеттің таралуының алдын алу мен сақтанудың жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын күшейтуіміз қажет», – деп барлық сала басшыларын санитарлық талаптарды қатаң сақтау бағытында жұмыла жұмыс жасауға шақырды.

Одан әрі күн тәртібіндегі мәселе бойынша ауданның бас санитариялық дәрігері Ақзия Сатекеева хабарлама жасап, індетке шалдыққандар және науқастармен байланыста болған аудан тұрғындарының жай-күйін саралап өтті. Сонымен қатар індеттің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысына тоқталды.

Жиын қорытындысымен аудан басшысы жауапты сала басшылары мен мамандарына індеттің алдын алу бағытында тиісті шараларды жүзеге асыруды және жүктелген міндеттердің мүлтіксіз орындалуын қатаң ескертті. Атап өту қажет, жыл басынан бүгінге дейін Арал ауданында коронавирус инфекциясымен 32 жағдай тіркелген.

Қазіргі таңда провизорлық стационарда 3 науқас ем алып жатқан болса, үй карантинінде 14 адам жіті бақылауда. Жалпы, жазылып шыққандар саны 14 адамды құрап отыр. Бұл көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есеге артып, жағдайдың күрделенгендігін аңғартады. Сондықтан да, барша аудан тұрғындарын өз денсаулықтарына бейжай қарамай, сақтық шараларын қаперінен шығармауларын сұраймыз. Қауіпті вирустан құтылудың бірден-бір жолы – санитарлық ережелерді сақтап, карантиндік талаптарды бұлжытпй орындау және індетке қарсы екпе салдыру.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: