Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аралға алғаш рет компьютерлік томография алынды

23.06.2022, 10:10 174

HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, тұрғындарды қолжетімді медициналық көмекпен қамту мақсатында аудандар арасында алғашқы болып Арал ауданына компьютерлік томография алынды.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жұмыс сапары барысында ауданаралық орталық ауруханасының жұмысымен танысып, дәрігерлермен кездесті.

Жалпы құны 162 млн теңге тұратын жылжымалы нысан «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы 5 жылға қаржы лизингі шартымен алынған. Мұнда хирургиялық, гинекологиялық, рентген, УЗИ, офтальмология, жалпы қабылдау бөлмелері және зертханалық медициналық қондырғылар бар. Кешенді алудағы негізгі мақсат – алыс ауылдарда тұратын тұрғандарға медициналық қызмет көрсету. Айта кетейік, бұған дейін, тұрғындар томография қызметін алу үшін облыс орталығына баратын болса, биылдан бастап ауданнан алып келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: