Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Арай» саябағында аттракцион жасөспірімның аяғын «шайнап» жіберген

16.06.2026, 15:25 65

Қызылорда қаласындағы «Арай» саябағында аттракциондардың бірі 2007 жылы туған жас жігіттің екі аяғын да «шайнап», ол ауыр мүгедектікке ұшырады, деп хабарлайды Halyqline.kz bairaq_media-ға сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, аттракцион кенеттен жігіттің аяқтарын қысып қалған. Оны құтқару оңайға түспеген. Дәрігерлердің мәліметінше, зардап шегуші ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген.

Жігіттің өмірін сақтап қалу үшін медицина мамандары шұғыл ота жасауға мәжбүр болды. Операция кезінде оның сол аяғы санның жоғарғы бөлігінен, ал оң аяғы тобық тұсынан кесілді. Қазіргі уақытта 18 жасар бозбаланың жағдайы өте ауыр күйде сақталып тұр.

Бұндай оқиғалар көпшілік демалатын орындардағы аттракциондардың техникалық қауіпсіздігі туралы өткір сұрақ көтереді. Жыл сайын ел аумағындағы саябақтарда осыған ұқсас оқыс жағдайлар тіркеліп, кейде адам өмірімен қош айтысуға дейін барады. Мамандар ескі немесе уақытында тексеруден өтпеген құрылғылардың үлкен қауіп төндіретінін айтады.

Қызылорда облыстық полиция департаменті оқиға фактісі бойынша «абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкелген еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Тергеу барысында аттракционды пайдалануға жауапты тұлғалардың әрекеті құқықтық бағаға ие болмақ.

Фото: Видеодан скрин.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: