Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

600-ге жуық медқызметкер вирус жұқтырды

22.04.2020, 12:25 467

HALYQLINE.KZ –| Қазақстанда 589 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 – Соңғы мәлімет бойынша коронавирус жұқтырған 589 медицина қызметкері тіркелді. Елімізде шартты түрде зертхана қызметкерлері, санитарлар мен денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейтіндерді қоспағанда, 240 мың дәрігер мен медбике бар. Жалпы, 400 мың медицина қызметкері бар. Наурызда 20 мыңға жуық адам үстемеақы алды. Олардың барлығы да коронавирус жұқтырған науқастармен тікелей жұмыс істейтін дәрігерлер, – деді министр.

Үстемеақы алатын медицина қызметкерлерінің тізімін бас дәрігерлер жасап, әкімдіктерге тапсырады.

 – Әкімдік жанындағы комиссия оларды бекітеді. Біз ауруханаларға ақша бердік, олар төледі. Сондықтан бұл сұрақтар комиссияға қойылуы керек, – деді Біртанов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: