Приморье аймағындағы жеке клиниканың сегіз дәрігері шетелге балаларды сатқан қылмысы үшін жауапқа тартылуда. Олар екі жыл ішінде кем дегенде 13 баланы басқа елдерге жіберген, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz сайтына сілтеме жасап.
Mash мәліметінше, Владивостоктағы клиника желісінде алты әйел мен екі ер адам бедеулік туралы жалған құжаттарды рәсімдеп, 2018 жылдан 2020 жылға дейін емдеу сылтауымен эмбриондар өсірген. Нәрестелер туғаннан кейін оларды шетелге сатып жіберген. Нәтижесінде 13 бала шетелге кетіп, олар осыдан 53 миллион рубльден астам табыс тапқан.
Прокуратура Приморье аймағы хабарлағандай, күдіктілер бедеулікті емдеу сылтауымен көмекші репродуктивті технологияларды пайдаланып, эмбриондарды өсіріп, балалардың туылуын ұйымдастырып, кейін оларды сатып шетелге жөнелткен.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!