Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Отбасы тәрбиесі жөніндегі бірлескен отырыс өтті

14.02.2023, 10:45 285

HALYQLINE.KZ Кеңеске аудан әкімі Ахатов Нұржан Сәбитұлы, облыстық білім басқармасының басшысы Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы, Қызылорда облыстық бала құқықтары жөнінде уәкіл Ұзақбаева Жапырақ Бегімбайқызы, облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Есқалиева Гүлнар Бабабекқызы, облыстық білім саласына бақылау департаментының басшысы Дәулетова Ғалия Ноғайқызы, аудандағы құқық қорғау саласының басшылары, кент және ауыл әкімдері, дербес бөлім басшылары, қоғамдық кеңес, ата-аналар кеңесінің төрағалары, білім саласының ардагерлері, педагогтар мен ата-аналар қатысты.

Кеңес модераторы, аудан әкімі Нұржан Сәбитұлы қазіргі заманда отбасылық тәрбиенің ерекше маңыздылығын атап өтіп:

– Қай кезде де ұрпақ тәрбиесін ұлы құндылыққа балайтын, еңбек пен білімді ұштастыра білген әр ата-ана үшін бала болашағы бәрінен қымбат. Жанұя – бұл адамға өмірлік құндылықтар жайында түсінік беретін алғашқы ұжым. Адам қандай дәрежеге жетеді, жалғыз тұлға бола ма немесе адамгершілік тұрғыдан кемшілікпен қалыптасады ма, мұның бәрі көбіне ол адамның балалық шағында қаншалықты дұрыс ата-аналық тәрбие алғанымен байланысты. Атақты ойшыл Әбу Насыр әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен. Бұл сөздің растығын өмір тәжрибесі талай мәрте дәлелдегені белгілі. Ата-ананың ең үлкен бақыты- баласының жақсы азамат болып өсуі десек, мемлекет пен қоғамның басты мақсаты – елге ие болатын білімді әрі Отаншыл ұрпақ тәрбиелеу, – деді.

Жиынның күн тәртібінде сәйкес, «Білім беру ұйымдарында балалардың құқықтарының қорғалуын және қауіпсіздігін арттыру мәселелері туралы» облыстық білім басқармасының басшысы Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы, «Қылмыстылықтың және құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың құқықтарының сақталуы мен қорғалуын арттыру бағытындағы атқарылған жұмыстар» туралы Шиелі ауданы бойынша білім бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Ақпанбетов Марат Асанханұлы, «Балалардың құқықтары және мүддесін қорғауға байланысты қабылданған шаралар жөнінде» облыстағы бала құқығы жөніндегі уәкіл, бала психологы Ұзақбаева Жапырақ Бегімбайқыз, «Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен бұзақылықтың алдын алу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарының орындалуы» турасында аудандық полиция бөлімінің бастығы Беркімбаев Дәулет Сүлейменұлы, «Кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктіліктің, суицидтің алдын алу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру» жайлы Шиелі ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Әмір Нұрлан, «Саналы ата-ана-бақытты бала» тақырыбында ардагер ұстаз, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Палымбет Найла Әбілқасымқызы баяндама жасап, бала тәрбиесіне қатысты ой-пікірлері мен тәжірибесімен бөлісті.

Аудан басшысы кеңейтілген отырыста талқыланған мәселелер бойынша барлық сала жетекшілеріне тапсырмалар беріп, бала тәрбиесіне бағытталған жұмыстарды барынша сапалы әрі жауапкершілікпен атқаруға шақырды. Сонымен қатар, жиында аудан ақсақалдары қоғамда белең алған интернетке тәуелділік, құқық бұзушылық және өзге де мәселелердің алдын алу мақсатында тиісті бөлім басшылары мен кент, ауыл әкімдеріне балалардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін үйірмелер мен өзге де шаралар ұйымдастыруды ұсынды.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: