Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Туысым екенсіз ғой!

22.06.2026, 9:10 59

 HALYQLINE.KZ

БҮГІНГІ  САТИРА

Марк Цукерберг Фейсбукті ойлап таппай, ал Рид Хоффман LinkedIn-ді құрмай тұрып-ақ, қазақтар әлемдегі ең қуатты нетворкинг жүйесін іске қосып қойған. Оның аты – Жүз (Zhuz) және Ру (Clan). Бұны генетикалық GPS десе де болады. Екі қазақ кездескенде ауа райын айтпайды, бірден «Қай рудансың?» деп сұрайды. Бес минуттан кейін олар ағайын болып шығады, бірі екіншісін 500 кісілік тойға шақырады, сөйтсе екеуінің де үкіметте істейтін ортақ көкесі бар болып шығады. Қатал касталар ма? Жоқ, бәріміз теңбіз. Бірақ қазіргі шенеуніктер бұл ежелгі базаны жоғары жылдамдықты IT-платформаға айналдырып жіберген… Сұмтай оның қай жүзден екенін білгісі келіп, рулық мәселені қозғай бастады:

– Жүзіңіз жылы екен. Қай жүзден боласыз? Ұлы, орта, кіші?

– Төртінші, — деп сыбырлады бастық.

– Ондай жүз жоқ қой.

– Біз жаңасын аштық. Электронды жүз.

– Оның ішінде?

– Онлайн ру.

– Оның ішінде?

– Wi-Fi ата.

– Оның ішінде?

– Bluetooth әулеті.

– Оның ішінде?

– Құпия сөзімізді білмейтіндерге айтпаймыз.

– Ойбай-ау, мен де Супер қазақпын ғой, туыс екенбіз ғой.

Екеуі құшақтасып көрісті. Бір аптадан кейін Сұмтайдың қызметі өсті, Астанаға көшті. Әділдік осылай өшті…

Мұхтар  ШЕРІМ.

Көрнекі фото: tengrinews.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: