Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Иттермен сойлестик

02.09.2022, 11:40 362

HALYQLINE.KZ

Бүгінгі  сатира

Әкімшілікте ауыл тұрғындарымен «иттер мәселесі» туралы жиын өтіп жатты. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Шалабай Қазақбайұлы да шақырылған еді, етпетінен жатып, ет жеп отыр ма, әлі жоқ. Ауыл тұрғындарының ауыздары қышып, ызадан ысып, тыпыршып тұрған еді, ауыл әкімін жерден алып, жерге салды. «Былтырдан бері бес баланы талаған иттерді неге атып тастамайсыздар? Бір оқушы жан тапсырды, неге көз жұмасыздар?» деді жамырап. «Табиғатты қорғау туралы заң бар ғой» деп құтылғысы келген әкім әріге бара алмады.

Бір кезде, есік айқара ашылып, жұрттың аптығы басылып, ішке полиция бастығы кіріп келді. Бет-аузы қан-жоса, оны дәкемен таңып алыпты.

– Сіз қайда жүрсіз? – деп сұрады облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары.

– Иттермен сойлестим.

– Бетіңізге не болған?

– Кошеде жаткан бир итпен сойлесемин дегенимде, ит емес, ит екен, созге келместен кау… кауып алды!

– Сауап болыпты! – деді бір қатын.

– Қалай екен? – деп қалды тағы бір әйел.

– Қазақшаңыз қуырдақ екен, сосын не болды? – деп сұрады әкім.

– Ой, пацан, ит екен! «Кошеде кангыруды, балаларга шабуылдауды қоясындар ма, жоқ па?» деп едим, арс етип куа жунелди! Кашып келем, кашып келем, аягымды арен басып келем, тер дегенди шашып келем, кашып келем, қашып келем, кашып келем, кашып келем…

– Тоқ етерін айтсаңызшы, қашып келе жатырсыз. Сосын?

– Кашып келем, кашып келем, бұрылып карасам, ешкім жок! Кайтадан алдыма карасам, жанагы сыболыш ит алдымда шокиып отыр! Кери бурулып, тагы кашып келем, кашып келем, стольбаға согысып, шалкамнан тустим! Басым айналып, жаныма карасам, жанагы ит касымда шалкасынан жатыр! Джентельмен ит екен, каппады. Тура каштым. Бир айел кушеде тур екен, артына жасырынып, соны амал который кушактадым. Ол да мени кушактады. Екеумиз кушактасып коп турдык. Сосын мен: «Извените, мына сиздики собака?» – деп сұрадым. «Бен Ладен, анука, пошел вон!» – дегени сол, ит уйге кирип кетти. Мен айелге айтып, ити сотталып кететінін ескерттим. Кайтып келе жатып, он мысыкка ескерту бердім.

– Сен де адам емес, ит екенсің ғой! – деп қалды облыстағы бастығы төмен қарап.

«Ия, ит екен!» дегендей, кабинетке кіріп келген төбет ит арс ете қалды. Қасында қаншықтары бар. Кабинетке жиналғандар улап-шулап, терезеден секіре қашты. Олардың ең алдыңда әкім мен облыстан келген майонез, ой кешіріңіз, майор…

Мұхтар  ШЕРІМ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: