Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Бірде Нияз, бірде Қами»: Мұхтар Ниязов Алматыдағы қызық жағдайды бөлісті

15.04.2026, 15:35 110

Белгілі айтыскер Мұхтар Ниязов Facebook-тегі парақшасында Алматыда болған қызық оқиғаны жариялады. Жазбада автор өзін көшеде таныған азаматтармен арадағы қысқа диалогты әзіл аралас сипаттайды.

Бүгін бір шаруалармен Алматыға келгенмін. Көшеде кетіп бара жатсам, жолдың жиегіне бір көлік шұғыл тоқтай қалды да, төрт жігіт секіріп түсіп, жаныма жетіп келді. Дым қорыққан жоқпын демей-ақ қояйын. Бір кезде ортасындағы біреуі:
— Сізбен суретке түсіп алсақ бола ма, сізді танып тұрмыз, Мұхтар Қамиевсіз ғой,- дейді. Өзі аса сенімді. Үндеген жоқпын. Суретке түстік.
— Осында тұрасыз ба, қайдан жүрсіз,- дейді.
— Дидар Ниязовтың үй жағынан келе жатырмын,- дедім.
— Ол кісіні де жақсы танимыз, сахнада қатты айқасып жатасыздар ғой, өмірде былай жақсы арласып тұрасыздар ма?- дейді.
— Иә, иә, арамыз жаман емес, бірақ өзімізге қарағанда аты-жөніміз жақсы араласады ,- дедім қуланып. Өзім де бір қумын, ә)) Ана жігітке сол кезде жетті-ау деймін. Кешірім сұрап, қайта түзетіп айтып жатыр толық аты-жөнімді. Қалған үшеуі аман-есен күйінше көлікке мініп кетті. Ендігі оларға да жеткен шығар) “Бірде адам бірде қайың боп, сүрейік өмір алмасып” дегендей, “Бірде Нияз, бірде Қами боп” жүрген сол).

Фото: Жазба иесінің Фейсбуктегі парақшасынан

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: