Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ал, мен келдім!

25.09.2023, 11:15 154

HALYQLINE.KZ

Бүгінгі  сатира

Жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросы тергеушісінің кабинетіне біреу кіріп келді.

– Сәлеметсіз бе? Ал, мен келдім! – деді бұйра бас сары біреу кіріп келді де.

– Кешіріңіз, сіз кімсіз?

–Мен ғой. Миктор Мрапунов.

– Болсаңыз қайтейін?

– Өй, мен Алматы қаласының бұрынғы әкімі, 300 миллион доллар жымқырып, бала-шағасымен Швейцарияға қашып кеткен Миктормын!

– Болсаңыз қайтейін? Қазір кімдер қашпай жатыр?

– Ей, қарасаңшы маған?

– Ал, қарадым.

– Миктормын деймін. Алматы жерлерін жаппай сатып жіберген.

– Болсаң ше? Кімдер жер сатпай жатыр?

– Қап мынаны-ай, а? Тергеуге щақырыпсыңдар ғой? «Шақырған жерден қалма, шақырмаған жерге барма!» деген бар қазақтарда. Шақырған екенсіңдер, ал, міне, келдім!

– Шақырғанға шапқылап келе береді екенсіз де?

– Ой, мынау жынды ма деймін? Сонау Швейцариядан сендер шақырған соң келдік қой! Ерігіп жүр дейсіңдер ме бізді? – деп жынданды Мрапунов, – Ал, келдік! Баяғыда, Алматыда жүргенде, енді қашып кетейін деп жатқанда неге ұстамадыңдар? Ақсақ қой түстен кейін маңырап… Бәрің жамырап…

– Айғайламаңыз! Сіз де қызық адам екенсіз! Адам деген ойнап шақырғанға да келе береді ме екен? «Қайтер екен?» деп ойнап шақырсақ! Обшым, адам емес екенсіз ғой! Не, әзілдеуге де болмайды ма? Қайдан білейік, келмейтін шығар деп ойладық. Жетіп келіпті ғой жүдә… Оның үстіне сіз баяғыдааа сырттай сотталып кеткен адамсыз! Миымды ашытпай, шығып тұрыңыз!

Мрапунов аң-таң қалып, Швейцарияға қайтадан ұшып кетті. Сол екен, сары басылымда: «Мрапуновтар тағы да қашып кетті!» деп жарыса жазып жатты, ал тергеушілер оның сыртынан көр қазып жатты…

Мұхтар  ШЕРІМ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: