Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нұрбол Аппазов – ҚР Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі

12.02.2020, 15:06

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор міндетін атқарушысы, химия ғылымдарының кандидаты, профессор Нұрбол Орынбасарұлы Аппазов Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы Төралқасының кеңейтілген отырысында ҚР ҰИА Қызылорда филиалының 2019 жыл қорытындысы бойынша жүргізілген жұмыстың есебін тапсырды.

Жиын соңында Төралқа мүшесі т.ғ.д., профессор, Академик Асқар Алтынбекұлы Құлыбаев Нұрбол Аппазовқа ҚР ҰИА корреспондент-мүшесі дипломын табыстады.

Еске сала кетсек, Н.Аппазов 2019 жылдың 15 қарашасы күні ҚР ҰИА жалпы жиналысының сессиясында ҚР ҰИА корреспондент-мүше ретінде сайланды.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: