Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жасарал Қуанышәлин өмірден өтті

18.05.2023, 18:15 263

Алматыда қоғам қайраткері, оппозициялық саясаткер, диссидент Жасарал Қуанышәлин қайтыс болды. Ол жақында ауыр науқастанып, ауруханаға түскен еді. Саясаткер қайтыс болғанын белсенді Ниязбек Юсупов растады. Қаралы хабарды Юсуповке дәрігерлер айтқан.

Белсендінің айтуынша, 18 мамырда түстен кейін Жасарал Қуанышәлинді дәрігерлер «жасанды тыныс аппаратына жалғаған, алайда жүрегі шыдамаған».

16 мамырда Жасарал Қуанышәлин аурухананың реанимация бөліміне түскен еді.

Қоғам қайраткері 1949 жылы Ақтөбе облысы, Қарабұтақ ауданында дүниеге келген.

1994-1995 жылдары Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты болған. Кейін оппозицияға өтіп, түрлі ұйымның қатарында билік саясатын ашық сынап келді.

Кейінгі жылдары «Алға Қазақстан» атты партия құруға талпынғанымен, оны әділет министрлігі әртүрлі уәжбен тіркемеген.

Президент сайлауына түсуге де ниет білдіргенімен, кандидат ретінде тіркеле алмаған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: