Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Айтұяқ» қандай дәстүр?

16.08.2022, 9:45 860

Қазақ халқының көп салт-дәстүрлерінің бірі «Айтұяқ» дәстүрі сонау ежелгі, жаугершілік заманда пайда болған екен. Бұрын адамдар қауіп-қатерлі, ауыр, алыс сапарға аттанар кезде «айтұяқ» деп құдайы береді. Оған жылқы соятын болған. Салттың «Айтұяқ» деп аталуы да осыдан. Құдайы беретін кезде сапарға шығатын адам ел-жұртқа күні бұрын шақырту жіберіп, көптің батасын алған. Жаугершілік заманда «айтұяқ» жиі берілген. Бұл дәстүр Бекет батыр жырында, ежелгі аңыз-әңгімелерде де кездеседі. Қазір бұл сөз тым сирек қолданылады. Оның орнына «жолаяқ» сөзі қолданыста жүр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: