Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Табиғаттың таңғажайып тартуы

28.04.2026, 9:25 112

HALYQLINE.KZ

ФОТОЭТЮД

Сырдарияның теңізге құяр сағасында бұйығып жатқан Бөген деген ауыл бар. Бұл Бөген – талантты тұлғаларды түлетіп ұшырған елеулі елді мекен. «Құрыш қазақ» атанған Зейнолла Шүкіров, эколог-жазушы Сайлаубай Жұбатыров, Қуаныш Жиенбай, ақын Толыбай Абылаевтармен мақтанады. Басқа да сала майталманы аз емес. Солардың ізін жалғаған ауыл мұғалімі Мейрам Әлішевтің де есімі әлеуметтік желі арқылы көпшілікке таныс.

Осы Мейрамның кезінде темір шегеден қиюластырып, шаңырақтың бейнесін жасағаны бар. Оған елге танымал журналист, қоғам қайраткері Бауыржан Омарұлы «Шеге-шаңырақ» деп суретсөз жазғанын оқыдық. Сонда: «…Шашылып жатқан шегелерден шабыт алып, шығарма туындатқан шеберден айналып кетпейсің бе?! Осындай талай дарынды жігіттер шалғайдағы ауылдарда елеусіз ғана шеге теріп жүріп жатыр-ау… Не дейміз енді… Талантты перзенттің өз шаңырағының да шегесі мықты болсын дейміз де…» деген еді.

Сол айтқандай, талантты жігіттің тағы бір хоббиі бар – табиғаттың көркем кескінін объективке іліп, тәуір фотоэтюд түсіреді. Кейде дронын көкке самғатып, ауылды үстінен, теңізді төбесінен таспалап, тартымды бейнежазба қалдырады.

Кеше ғана әлеуметтік желідегі парақшасынан табиғаттың таңғажайып тартуын кадрға ілген бірнеше сәтті суретін көріп, аттай қалай сұрап алдық. Сіздер де тамашалаңыздар, ойлы оқырман!

Суреттерді  түсірген

Мейрам  ӘЛІШЕВ,

Арал  ауданы,

Бөген  ауылы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: