Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Баланың  күлкісі  –  әлемнің  көркі (фотоэтюд)

01.06.2026, 8:50 62

HALYQLINE.KZ

Балалардың күлкісі мен қуанышы – әлемнің ең шынайы сұлулығы. Сол күлкіні сақтау, әр баланың алаңсыз балалық шағын қамтамасыз ету – бәрімізге ортақ міндет.

Бүгін – Халықаралық балаларды қорғау күні. Аталған мереке Парижде 1949 жылы қарашада Әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясы конгресінің шешімімен бекітілген.

Ресми мәлімет бойынша бүгінгі күні Қазақстанда 6,8 млн бала тұрады. Баланың ең сенімді қорғанысы – дені сау, тату, берекелі отбасы. Балалар — біздің үмітіміз, болашағымыз. Қуаныш пен шаттыққа толы балалық шақтан асқан сұлулық жоқ, оны солай ету – отбасының, қоғамның, мемлекеттің міндеті.

Елімізде 1 маусымда балалар мерекесіне орай дәстүрлі түрде түрлі мәдени және білім беру іс-шаралары ұйымдастырылады. Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде мәдени іс-шаралар өткізіліп, балаларға мерекелік көңіл күй сыйлайды, соның ішінде көрмелер, шығармашылық фестивальдар, спорттық жарыстар және т.б. ұйымдастырылады.

Назарларыңызға Арал ауданы, Бөген елді мекеніндегі №20 орта мектептің мұғалімі Мейрам Әлішевтың ауыл балаларын таспаға тартқан фотоэтюдін ұсынып отырмыз. Бұл кадрлар шынайы өмірдің ауылда екенін тағы бір айғақтайды.

Суреттерді түсірген

Мейрам ӘЛІШЕВ,

Арал ауданы,

Бөген ауылы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: