Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шырша аламын деп, шырылдап қалмаңыз

29.11.2022, 11:10 1387

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, 2022 жылдың жаңа жыл қарсаңында шырша ағаштарының жас талдарын қорғау, сақтау және заңсыз әкелу, әкетудің жолын кесу мақсатында төмендегі жайларды ескертеді.


ҚР ЭГТРМ Орман және жануарлар дүниесі комитетінің (әрі қарай-Комитет) 2022 жылғы 15 қарашадағы № 27-5/287-НҚ бұйрығымен жаңа жылдық шыршалар дайындау және бұтақтардан құрама шыршалар дайындау, Комитеттің 2022 жылға облыстар бойынша бекітілген орманды күтіп-баптау және басқа да кесулер есебінен сүрек дайындау көлеміне сәйкес және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге жаңа жылдық шыршаларды босату Комитеттің рұқсатымен облыс әкімдіктерінің тапсырыстарына сәйкес жүзеге асырылады.


Сонымен қатар, Комитеттің бұйрығына сәйкес, жекелеген тұрғындар үшін тек ғана құрама шыршалар мен контейнерлердегі тірі шыршалар сатылатын болып белгіленген.


Осыған орай, тұрғындар жаңа жылдық шыршаларды, қылқан жапырақты ағаштардың бұтақтарынан жасалған және арнайы ыдыстарда қолдан өсірілген шыршаларды сатып алуына болады.


Жаңа жылдық шыршаларды облыс көлеміне әкелу, әкету және сатып алу деректеріне куә болған жағдайда, Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының 23-19-61 немесе 102-ге телефонына хабарласуларыңызды сұраймыз.


Облыс көлемінде жаңа жылдық тірі шыршаларда Комитеттің рұқсатынсыз, заңсыз тасымалдаған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауаптылыққа тартылатын болады.

Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және
жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы
8-7242-231961

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: