Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлттық палата Үкіметке жедел штаб құру бойынша бастама көтерді

03.03.2022, 16:10 337

«Ұлттық палата Үкіметке жедел штаб құру бойынша бастама көтерді. Онда бизнес кәсіпкерлердің, ең алдымен Украинамен байланысты проблемалық мәселелерін қалай шешуге болатыны жайында тез арада өз пікірін білдіріп, көзқарасымен бөлісе алады. Күн сайын ситуация кері қарай өзгеріп жатыр. Валюта бағамы, логистикамен не болары белгісіз. Сонымен қатар түйткілді мәселелерді көтереміз. Қазіргі кезде фермерлер мен қауымдастықтар кеңесіп, субсидиялау мәселесін талқылап жатыр. Қаңдай өзгерістер, қауіп-қатер болады, азық-түлікке баға қаншалықты өседі және бизнеске ағымдағы жоспарын қалай өзгерту керегі бойынша мәселелер бар», – деді «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов.

ҰКП басшысы отандық бизнес түрлі дағдарысқа әбден шыңдалған деп санайды. Бұл ретте тиімді шаралар қабылдау мәселесі өзекті, сонымен қатар сала сарапшыларының кәсіби ой-пікір білдіруі аса қажет.

«Біз бизнестен жедел түрде ақпарат алып отырмыз: мәселелерді өңдеп, нақты уақыт режимінде оларды министрліктер мен кәсіпкерлермен талқылаймыз. Өзекті мәселелер Үкімет деңгейіне шығарылады. Бұл штаб бизнестің кәдесіне жарайды деп үміттенемін. Барлық өңірлік палата жұмысқа жұмылған, жедел желілер іске қосылған. Мен бизнес өкілдеріне осы желілерді пайдаланып, бізге хабарласып, өз мәселелері, мұң-мұқтажы туралы бөлісуге шақырамын. Біз – «Атамекен» командасы нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін Үкімет қарауына ұсыныстар мен проблемаларды шешу жолдарын тиімді жеткізуімізге көмектесетін ақпарат алғымыз келеді», – деп атап өтті Райымбек Баталов.

Егер бизнесіңіз зардап шексе, өз деректеріңізді тәулік бойы жұмыс істейтін +7 778-870-1432 WhatsApp телефонына жолдауды сұраймыз. Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының байланыс нөмірі 8 /7242/ 40-09-81.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: