Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түркиядағы Тазы каньоны

22.06.2022, 10:30 554

Түркия десе ойымызға ондағы мешіт пен Стамбулдың шулы көшелері, базарлары, теңіз жағажайы, керемет қонақ үйлері еске түседі. Бірақ, ол ғажап мемлекеттің көзбен көрерлік сұлу табиғаты жетіп артылады. Анталия мен Алания арасындағы «Тазы» деген каньон барын туристер 2019 жылы білген деседі. Тазы каньоны адам баласына ерекше серпіліс, жүрек шымырлатар рух береді екен. Туристер бұл жерді «Түркияның жасырынған ғажабы» деп атайды. Бір қызығы, Тазының «бағын» Huawei телефоны ашқан. Дәл осы компания жаңа смартфонның рекламасын осы Тазыда түсірген соң шетелдік туристер арасына танылып кетті. Бұрын санаулы адам келсе, қазір онда күніне жүздеген жан ағылады. Туристер көп баратыны соншалық Тазыға баратын да турлар ашылған. Саяхатшылар, Тазы каньонына көктем мен жаз айларында баруға кеңес береді. Себебі, ондағы құздар адам басын айналдырып, тау етегіндегі ерекше тастар мың түрлі көңіл күй сыйлайды.  Иә, жұрт енді танып жатқан Тазы каньонының ғажабы Гранд каньон, Шарын каньонымен бірдей болғаны қуанарлық жағдай.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: