Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық кәсіпкер BORN NOMAD POWER AWARDS 2022 байқауында 2-орынға ие болды

14.10.2022, 10:30 617

HALYQLINE.KZ Республикалық Born Nomad Power Awards – 2022 байқауында қызылордалық қолөнерші, кәсіпкер Қарлығаш Серікбайқызы Ильясова «Қолөнерші әйел» номинациясы бойынша 2-орынға ие болды.

Биыл аталған байқауға Қызылорда облысынан 10 қолөнерші өтінім берді. Оның ішінде 3 қызылордалық қолөнерші финалға жолдама алды. Олар: Қарлығаш Ильясова, Әйгерім Бахтиярова, Азат Мырзаева. Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Назым Мұрсал байқауға қатысушы қызылордалықтарға әдістемелік көмек көрсетіп, құжаттарын толық сүйемелдеді. 

«BORN NOMAD» жобасын 2021 жылдың маусым айында АҚШ Елшілігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ExxonMobil және Chevron компанияларымен бірлесе жүзеге асырған болатын.

Ол Америка Құрама Штаттарымен Қазақстан арасындағы сауда қарым-қатынастарды құру үшін қолөнершілер, саудагерлер және салалық тараптар арасындағы кәсіпкер әйелдерге арналған онлайн платформаны дамытуға көмектесу үшін әзірленген.

Биыл «Born Nomad» жобасының директоры Айка Әлемі және ҚР ҰКП «Атамекен» жаңа серіктес «Kazakh Tourism» ҰК АҚ-мен бірлесіп жобаны басқаруды қолға алды.

BORN NOMAD POWER AWARDS 2022 – «Born Nomad Power» жобасының жалғасы, қолөнершілер ме ншығармашылық сала өкілдеріне өздерін көрсетуге, жобаларын коммерцияландыру бойынша қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін байқау.

BORN NOMAD POWER AWARDS 2022 қазақстандық өнімді экспорттық нарықтарда ілгерілету, кәсіпқойлардан, сарапшылардан, қолөнер, дизайн, сән, туризм және шығармашылық салалардағы мамандардан құнды кеңестер алу мен идеяларға қолдау табу мүмкіндігін береді.

BORN NOMAD POWER AWARD 2022 байқауы келесі номинациялар бойынша өтті:

⁃ Дәстүр

⁃ Инновация

⁃ Қолөнерші

⁃ Жас талант

⁃ Қолөнер және цифрлық дизайн

⁃ Шығармашылық ынтымақтастық.

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: