Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр сыйы – Сарыарқада

12.09.2022, 9:50 154

HALYQLINE.KZ

Сенбі, жексенбі күндері Елордада Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің екікүндік жәрмеңкесі болды. Жәрмеңке «Астана Арена» спорттық кешенінің жанында өтті. Алғашқы күні-ақ Сыр сыйынан дәм татуға ағылған халықтың қарасы қалың болды.

Сырдың 70-ке жуық диқаны астаналықтарға 50 жүк автокөлігімен жалпы құны 200 млн теңгені құрайтын 500 тоннадан астам өнім ұсынды. Арқа төріндегі тұрғындарға Қызылорда облысының брендіне айналған ақ күріш, балығы мен ас тұзы, қауыны мен қарбызы жеткізілді.

Сырбойылықтар жәрмеңкеге 100 тонна күріш, 15 тонна ет және 30 тонна балық өнімдері, 80 тонна көкөніс пен жеміс-жидектер, 210 тонна бақша өнімдері, 50 тонна асқабақ, 3 тонна ас тұзы, 10 тонна сүт өнімдері, 5 тоннаға жуық кондитер өнімдерін әкелді.

Сыр елінен келген өнерпаздар елордалықтарға әсерлі көңіл күй сыйлады.

Сонымен қатар, облыс тарапынан қайырымдылық қоры аясында жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттері таратылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: