Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиеліде бетонның бес түрі өндіріледі

16.08.2022, 15:45 586

HALYQLINE.KZ Шиелі ауданында индустриялық аймақ құрылып, 2013 жылдан жұмыс істеуде. Аймақта іске қосылған 5 жобаның бірі – «Шиелі Жолшы» серіктестігінің «Қуаттылығы жылына 2500 дана темір-бетон өнімін шығаратын» зауыты. Зауыт 2018 жылдан бастап тұрақты жұмыс істеп, 30-ға жуық адамды жұмыспен камтып отыр. Жоба құны 120 млн теңгені құрайды.

Нарықтағы ең қажетті өндірістік өнімнің бірі – темірбетон. Үй және түрлі бағыттағы ғимараттар салуда кеңінен қолданылатын құрылыс материалы. Зауыт өнімі Шиелі ауданы көлемінде сатылуда. Зауыт тауарлы бетонның 5 түрлі маркасын және 17 түрлі жабынды плиталарды өндіреді.

Бетонның маркасына қарай бағасы қосылған құн салығын қоса алғанда 22-28 мың теңгені (м3) құраса, жабынды плиталар данасына 36-68 мың теңгені құрайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: