Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шиелі: «Ауыл аманаты» аясында іске асқан жобалар

02.05.2025, 17:45 175

HALYQLINE.KZ

Ауыл халқының кірістерін арттыру жөніндегі жобаны ауқымды түрде қолдану үшін облысымызда 2023 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылған болатын. Нәтижесінде Шиелі ауданында 2023 жылы 548,1 млн теңгені қамтитын 75 жоба, 2024 жылы 211,4 млн теңгені қамтитын 29 жоба, биыл 208,6 млн теңгені қамтитын 31 жоба қаржыландырылды.

Шиелі ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖК «Жылыжай» (Исабеков Мұрат Убайдуллаевич) бағдарлама аясында 4,5 млн теңге несие қаражатын алып, бүгінгі күні жылыжай өндірісімен айналысуда. Кәсіпкер қияр өнімдерін жылыжайда өсіріп, жергілікті кәсіпкерлерге сатуда. Сонымен қатар ЖК «Сая» (Медетбек Мәлік Болатұлы) да бағдарлама аясында 7 млн теңге несие қаражатын алып, жылыжай өндірісі кәсібін бастаған болатын. Кәсіпкер гидропоника әдісімен құлпынай өнімін өсіріп көруді қолға алуда. ЖК «Табиғат» (Жузимов Табиғат) бағдарлама аясында 9,2 млн теңге несие қаражатын алып, бүгінгі күні құрылысқа арналған қабырға блоктарын өнідіруде. Қазіргі таңда кәсіпкер тәулігіне 2000-2500 дана қабырға блоктарын өндіруді қолға алуда. Сонымен қатар ауданда бағдарлама аясында тамақ өнеркәсібі бойынша ЖК «HOONEYMOOD-Балдай» (Имантаева Жансая Әбдіғалымқызы) 7 млн теңге несие қаражатын алып, қа күніне 300 кило тәтті өнімдер шығаруда.

Көрнекі сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: