Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Зеленский әскерилерді жазалау туралы қатал заңға қол қойды

25.01.2023, 10:55 250

Владимир Зеленский бұйрықты орындамағаны үшін әскерилердің жауапкершілігін күшейтті. Енді Украина азаматтары әскерден қашқаны немесе бұйрықты орындамағаны үшін қатаң жазаға тартылады. Тиісті заңға Украина президенті Владимир Зеленский қол қойды. Бұл туралы «Strana.ua» сайтына сілтеме жасап хабарлаймыз.

«Президент осыдан бір жарым ай бұрын Парламент қабылдаған «Әскерилердің жауапкершілігін күшейту туралы» атышулы №8271 заңға қол қойды», – деп жазады басылым.

Енді бағынбағаны болсын, бұйрықты орындамағаны да, әскерден қашқаны, тіпті әскери қызметкерлер тарапынан қорқытқаны үшін сотқа жазаны жеңілдетуге немесе шартты түрде үкім шығаруға тыйым салынады. Бұл зорлық-зомбылық көрсетуге немесе ұрыс алаңын рұқсатсыз тастап кетуге де қатысты. Ал әскери жағдай кезінде алкоголь немесе есірткі пайдаланғаны үшін жаза мерзімі ұлғайтылған.

Заңның бастамашысы – Жоғарғы Рададағы «Халық қызметшісі» фракциясы. Онда бұл құжатты таныстырған Украина Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Сергей Шаптала бұл қажеттілікті ұрыс жағдайында да әскерден қашу, бағынбау, әскери бұйрықты орындаудан бас тарту, маскүнемдік және нашақорлық жағдайларымен түсіндірді. Украиналық БАҚ-тың хабарлауынша, Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный бұл заңның қабылдануын талап еткен.

Естеріңізге сала кетейік, Зеленский жаңа кадрлық өзгерістер жасады. Сөйтіп, ол бірнеше облыстың яки Сумы, Днепропетровск, Киев, сондай-ақ Киев бақылауындағы Запорожье және Херсон облыстарының басшыларын қызметінен босатты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: