Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Зейнеттегі полицей туған ұлын атып өлтірді

05.06.2026, 15:10 57

HALYQLINE.KZ

Түркияның Адана қаласында зейнеттегі полицей 23 жастағы туған ұлын тапаншамен атып тастады. Жантүршігерлік оқиғадан соң ол қашып кетпей, ұлының мәйіті жанында полиция күтіп отырған, деп жазады Orda.kz.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, марқұм есірткіге тәуелді болған. Ол 52 жастағы әкесінен ақша талап етіп, көндіре алмаған соң оған пышақпен шабуылдаған. Сол сәтте бұрынғы тәртіп сақшысы қаруын шығарып, ұлына бірнеше рет оқ жаудырған.

Ауыр жарақат алған жігіт қансырап, оқиға орнында тіл тартпай кетті. Ал әкесі өзі хабарласып шақырған полиция қызметкерлеріне қаруын тапсырып, құрықталды. Қазіргі уақытта кісі өлтіру дерегі бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Фото: haberler.com

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: