Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үш ай соғыс – үш сценарий

16.06.2022, 12:20 202

Ресейдің Украинаға басып кіргеніне үш айдан асты. Әлемнің әккі әскери сарапшылары түрлі сараптамалар жасауда. Олар Ресейдің бір апта ішінде Киевті басып алады деген болжамының іске аспағанын мойындап, Ресей әскери күшін тым жоғары бағалағанын айтады.

Сарапшы Роберт Мэннинг Украина соғысына қатысты үш түрлі сценарийді келтіреді. Ол соғыс әлі шешуші фазаға жетпеді деген ойда.

Бірінші сценарий бойынша Ресей Украинаны алқымнан алуды тоқтатпайды. Ресей Қырым­ға апаратын құрлық жолын басып алып, оны нығайтуда. Украинаға тиесілі болған Қара теңіз жағалауының бір бөлігіне иелік етуде. Ендігі уақытта ол Одессаға шабуылын үдетіп, Киевті теңізден айыруды көздейді. Путиннің мақсаты Приднестровьеге дейін жетіп, Молдовамен шека­ра ашу және НАТО-ға қарсы күш ретінде аталмыш  аймақта   әскери  база құру  дейді  ол. Путин Украина соғысы арқылы: «Қырымды НАТО Ресейдікі деп мойын­дауы тиіс деген логика­мен әрекет етуде, алайда НАТО оны мо­йындамайды және санкция­ларды  алмайды», – дейді  сарапшы.

Әлемде Ресейдің әрекетінен жанармай және астық тапшылығы артып, көптеген елдерде тол­қулар болуда. Бұл өз кезегінде Ресейден санкция­ны әлсіретуге деген ұрандарды көбейтері анық. Ресей оны жақсы түсініп, Украина порттарын  блоктауды  тоқтатпайды  дейді  маман.

Екінші сценарий бойынша Ресей әскерінің Донбассты басып алуы үлкен адами және техникалық шығынмен  аяқталады. Украина әскері Батыстық қарумен өз аумағын қайтара бастайды. 24  ақпанға   дейінгі  аймақты  қайтарып алуы мүмкін.  Алайда  ары қарай жылжу позициясы мен қорғанысын күшейткен сепаратистер мен Ресей қорғанысын  бұзып өтуге  жетпейді. Сондықтан 24 ақпанға дейінгі аумақты қайтарған соң, Ресей мен  Украина  келіссөзге  отырады.

Үшінші сценарий Украина барлық аумағын қайтарып алады. Батыс Ресей әскерінің рухы төмен екенін жақсы біледі және Ресейдің эконо­микалық әлсіреуі күшейген сәтте, Украинаға қару беруді арттырады. Салдарынан Ресей әске­рінің ұрыс даласында шығыны артып, шегіне бастайды. Бұл Ресейде Путинді тақтан тай­дыруға әкелетін процесстерді  бастауы мүмкін.

Сарапшы дәл осындай үш түрлі сценарийді айтады. Мамандардың басым көпшілігі Путин әскері айтарлықтай жеңіске жетпесе, онда күзде Ресейде  толқулар  болып, төңкеріске ұласуы  мүмкін  деген  ойда.

Асхат  ҚАСЕНҒАЛИ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: