Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Токио Олимпиадасында ішімдік сатылмайтын болды

23.06.2021, 12:00 319

HALYQLINE.KZ Токиода өтетін Олимпиада ойындары кезінде спорттық нысандарда ішімдік сатуға тыйым салынады және көрермендерге өзімен алып кіруге рұқсат берілмейді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы «Токио-2020» ұйымдастыру комитетінің басшысы Сэйко Хасимото мәлімдеді.

«Мамандардың кеңесіне құлақ аса отырып, коронавирус инфекциясының таралуын алдын-алу үшін, ұйымдастыру комитеті алкогольді ішімдіктерді сатпау және тұтынбау жайлы шешім шығарды», – делінген Хасимотоның мәлімдемесінде.

Апта басында Олимпиада өтетін орындарда ішімдік ішуге болуы мүмкін деген БАҚ-та тараған ақпараттар кең талқыланған еді. Желі қолданушылары ондаған мың тег жинаған «Олимпиада ойындарын болдырмау» хештегін таратқан. Осыдан кейін ұйымдастырушылар шешімін өзгертті.

Хасимотоның сөзінше, Олимпиада серіктестерінің бірі – Asahi сыра қайнату компаниясы бұл шешіммен келіскен.

Сонымен қатар, ойын өтетін орындарда байланыссыз термометр арқылы дене температурасын өлшейді. Дене қызуы 37,5 градустан жоғары болса, көрермен стадионға кіргізілмейді. 

Еске салайық, Токиодағы Олимпиада ойындары 2020 жылы 24 маусым мен 9 тамыз аралығында өтуі тиіс болған. Пандемия садарынан жарыс бір жылға кейінге қалдырылып, 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамыз аралығында өтеді. Ұйымдастырушылар Ойынды шетелдік көрермендерсіз өткізу жайлы шешім шығарды, жарысты жаппай тамашалау орындарын жасаудан бас тартқан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: