Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Таулы Қарабақтағы 40 елді мекенді қайтарып алдық»

16.10.2020, 12:45 383

Әзербайжан әскері қыркүйек айының соңынан бері өзін-өзі жариялаған Таулы Қарабақтағы 40 елді мекенді қайтарып алдық деп мәлімдеді ел президенті Ильхам Алиев (суретте) түріктің NTV каналына берген сұхбатында.

Әзербайжан президенті армян-әзербайжан қақтығысын Түркия шешуі мүмкін еді деді. Бірақ Баку мен Анкара Әзербайжан аумағынан түріктің әскери базасын құру жөнінде ешқашан келіссөз жүргізген емес. France 24 каналына берген сұхбатында Алиев Түркия әскери қақтығысқа қатысып жатқан жоқ деп атап өтті.

Ал өз кезегінде Таулы Қарабақ өкілі Степанакертта Әзербайжан тарапы тағы да әскери соққы берді деді. Өзін-өзі жариялаған Таулы Қарабақ республикасы Бакудың бейбіт тұрғындарға оқ атты деген мәлімдемесін теріске шығарды.

Таулы Қарабақтағы қақтығыс 27 қыркүйекте басталған. Армения мен Әзербайжан шиеленісті бірінші болып бастады деп айыптайды.

Армения мен Әзербайжан арасындағы Таулы Қарабақ дауы Совет Одағы кезінен жалғасып келеді. 1988 жылы басталып, 1994 жылы аяқталған соғыс кезінде 30 мыңға жуық адам қаза тапты, жүздеген мың адам босқынға айналды. Негізінен армяндар тұратын аймақ 1991 жылы Әзербайжаннан бөлініп шығатынын мәлімдеді, бірақ әлемнің ешқандай елі оны мойындамады. Халықаралық құқыққа сәйкес, Таулы Қарабақ – Әзербайжан жері.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: