Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Солтүстік Кореяның ядролық сынақтары қайта оралуы мүмкін…

28.03.2022, 17:35 259

Корея БАҚ-ның айтуынша, Солтүстік Корея мемлекетінің Пунгери ядролық полигонындағы төрт туннельдің бірін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр екен. Болжам бойынша, нысан бір айдан кейін қалпына келтіріледі. Бұған дейін 24 наурызда КХДР әскерилері құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізген болатын.

Жаңа зымыран ауада 71 минут ұшып, 1110 шақырым қашықтықты бағындырды. «Хвасон-17» зымыранының ұшуының максималды биіктігі 6000 км-ден астам болды.

Кореяның орталық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ұшыру туралы бұйрықты КХДР басшысы Ким Чен Ын берген. Солтүстік Корея АҚШ-пен ұзақ мерзімді текетіреске дайындалуда деп айта кетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: