Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сирияда жер сілкініп, 42 адам қаза тапты

06.02.2023, 10:25 201

HALYQLINE.KZ AFP ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Кахраманмараштағы жер сілкінісі салдарынан Сирия үкіметі бақылауындағы аймақтарда кемінде 42 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Сирияның мемлекеттік ақпарат агенттігінің (SANA) хабарлауынша, Сирияның Алеппо, Хама және Латакия қалаларында 42 адам қаза тауып, 200 адам жараланған.

Латакия маңында бір ғимараттың, Хамада бірнеше ғимараттың жартылай қирағаны хабарланды.

Сирияның азаматтық қорғаныс қызметкерлері мен өрт сөндірушілердің аман қалғандарды шығару жұмыстарын жалғастырғаны айтылды.

Сирияның Ұлттық жер сілкінісі орталығының басшысы Раед Ахмед үкіметті қолдайтын радиостанцияға «бұл орталық тарихындағы ең ірі жер сілкінісі» деді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: