Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ресейде де су тасқыны: 22 аймақты су басты

01.04.2024, 9:35 100

HALYQLINE.KZ

Ресейдің 22 аймағын су басты. Бұл туралы Ресейдің ТЖМ мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, су тасқыны салдарынан 128 тұрғын үй мен 1,9 мыңнан астам шаруашылық телімі су астында қалған. Ең қиын жағдай Алтай аймағында 923 учаске мен 127 үйді су басқан.

Одан бөлек, 10-ға жуық тасжол жабылды.

Су басқан Алтай өлкесінен бөлек, көрші елдің тағы 20-дан аса өңірінде көктемгі тасқынға қатысты жағдай қиын. Орынбор облысында ондаған үй су астында қалды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: