Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ресей үшін соғысқан 51 елдің азаматтары Украинада тұтқынға түскен

05.08.2026, 9:20 48

Ресей армиясы сапында соғысқан әлемнің 51 елінің азаматтары Украинада тұтқында отыр. Мұндай деректі Украина Жоғарғы Радасының адам құқықтары жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинец мәлімдеді, деп хабарлайды halyqline.kz Интерфакс-Украинаға сілтеме жасап.

Лубинец мәліметті Украина дипломатиялық мекемелері басшыларының жыл сайынғы кеңесінде жариялаған. Тұтқынға түскендердің барлығы Украина аумағында Ресей қарулы күштерінің құрамында соғысқан шетел азаматтары.

«Ресей армиясының құрамында соғысып, Украинада тұтқынға түскендердің арасында 51 елдің азаматтары бар. Сондықтан Ресей жағында соғысудың нақты құқықтық салдары бар екенін әлемге ашық әрі жүйелі түрде жеткізу маңызды», деді Дмитрий Лубинец.

Шетел азаматтарының Ресей армиясына қосылуы бұған дейін де бірнеше мемлекеттің назарын аударған. Олардың арасында жоғары жалақы мен жұмыс ұсынысына сеніп Ресейге барғанын, кейін соғысқа жіберілгенін айтқандар да бар.

BBC жүргізген зерттеуде Ресей жағында соғысқан кемінде 3589 шетел азаматының қаза тапқаны анықталған. Журналистер растаған марқұмдар 40-тан астам елдің азаматтары.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: