Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қытай бесінші ғарыш айлағын салмақ

10.04.2021, 15:00 376

HALYQLINE.KZ  Қытай Чжэцзян аймағында бесінші ғарыш айлағын салады. Онда ғарыш кемелерін сынақтан өткізу, жоспарлау қызметтері және ғарыш зымырандарын ұшыру іске асады. 

Жоспарға сай Чжэцзян аймағының билігі 2021-2025 жылдар аралығында ғарыш айлағына 3 млрд доллар инвестиция құяды. Ғарыш айлағы жылына  100 ракета ұшыру мүмкіндігіне ие болмақ.

Қазіргі таңда Қытайда төрт ғарыш айлағы бар. Үшеуі Қытай аумағында, біреуі  Хайнань аралының оңтүстік бөлігінде. Қытай 2020 жылы ғарышқа 39 мәрте ракета ұшырып, Марсқа зерттеу аппаратын жіберген. 2021 жылы Қытай ғарышқа 40 мәрте ракета ұшыруды жоспарлап отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: