Қытай мемлекеттік кеме жасау корпорациясы терең су жағдайында коррозияға төзімді материалдарды сынау бойынша 537 күнге созылған зерттеу аяқталғанын хабарлады. Сынақ 10 мың метр тереңдікте жүргізілген.
Зерттеу жоғары қысым, төмен температура, тұздылықтың жоғары болуы және еріген оттегінің аз мөлшері сияқты экстремалды жағдайда өткен.
Корпорация өкілдерінің айтуынша, зерттеу тобы энергияны аз тұтынатын басқару жүйесін және терең судағы коррозиядан қорғайтын арнайы технология әзірлеген. Сынақ кезінде жиналған деректер сақталып, үлгілер су бетіне зақымданбай шығарылған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!